UFC-дің орта салмақтағы жаңа чемпионы, америкалық файтер Шон Стрикленд Хамзат Чимаевты жеңгеннен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады. Бүгін Чимаев UFC-дегі мансабында алғаш рет жеңілді. Орта салмақтағы белбеуді америкалық спортшы иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілердің бөлек шешімімен Стрикленд жеңіске жетті.
"Америкалық жанкүйерлерден, мұсылман жанкүйерлерден, христиан жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Жекпе-жек алдындағы қыздыруда шектен шығып кеттім, мойындаймын. Барлығыңызды құрметтеймін, жігіттер. Шешенстанда мықты файтер көп, сендер нағыз құбыжықсыңдар. Ол, Чимаев, нағыз аң. Мен оған неше түрлі соққы жасадым, ал ол бәрібір алға жүре берді. Ақылға сыймайды, ол мұрнымды сындырды. Жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Сіздер болмасаңыздар, бүгін бұл жерде тұрмас едім. Менің жанкүйерлерім... Құдай-ау, мен сіздерді жақсы көремін. Біз америкалықпыз, бұл — арман", — деді Стрикленд жекпе-жектен кейін.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Чимаев пен Стрикленд арасындағы текетірес
Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд кезінде Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) аңызға айналған Xtreme Couture залында бірге жаттыққан.
Бүгінде олар - бітіспес жау, ал UFC 328 турниріндегі айқас ММА тарихындағы ең шиеленісті кездесулердің біріне айналды.
I am bullying weak people 😂 pic.twitter.com/dVVM3wTxpg
- Khamzat Chimaev (@KChimaev) 2026 жылғы 5 мамыр
Екі файтердің арасындағы кикілжің 2022 жылы жаттығуларда жиі кездесіп жүргенде басталған. Сол кезеңнен қалған бейнежазбалардың бірінде Стриклендтің Чимаевқа келіп: "Хамзат, мейірімдірек бол. Сен бәрінен мықтысың. Тек адамдарды мүгедек қылмашы", - дегені көрінеді.
Бұл сөз кейіннен олардың келіспеушілігінің тірегіне айналды: америкалық спортшы шешен файтерін үнемі әлсіз спарринг-серіктестерді таңдайды және тым қатал деп айыптады.
Sean Strickland is going VIRAL after footage resurfaced of him ADMITTING Khamzat Chimaev was a better fighter than him to his face 😳
- ITSDAFANTA 🥤 (@itsdafanta) May 7, 2026
“You need to be nice. Take it easy on us. You’re better than every one of us here, so don’t hurt people.” pic.twitter.com/Usipovf7mZ
UFC 328 қарсаңында жанжал шегіне жетті. Стрикленд Чимаевқа өте ауыр сөздер айтып, тіпті қарумен де қорқытты. Осыған байланысты UFC қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жекпе-жек алдындағы дәстүрлі көз арбасу (стердаун) рәсімін өткізбеуге мәжбүр болды.
Sean Strickland went on an unhinged rant at a media scrum today 💀
- Championship Rounds (@ChampRDS) 2026 жылғы 29 сәуір
"I love goats. [Me and Khamzat] have that in common, I just don't f*ck them."
"[Imavov] is probably deep inside a goat right now... you can be the best fighter in the world, nobody gives a f*ck."
"Dana White is… pic.twitter.com/4UgrpGP6dk
Чимаев сабырлық танытып: "Егер мен нағыз соғыс қаласам, Стрикленд әлдеқашан өліп кетер еді", - деп жауап берді.
Khamzat Chimaev scoffs at Sean Strickland’s threats ahead of UFC 328: ‘If he wanted [a real war], he would be dead already’ https://t.co/nn9H6JtiPm
- MMA Fighting (@MMAFighting) May 3, 2026
Еске салайық, Хамзат Чимаев пен Шон Стрикленд арасындағы жекпе-жек Ньюарк қаласындағы (Нью-Джерси штаты, АҚШ) "Prudential Center" аренасында UFC 328 турнирі аясында өтті. Бұл кештің басты оқиғасы болып, орта салмақтағы UFC чемпионы белбеуін Стрикленд иеленді.
Чимаевтың белбеуге дейінгі жолы
Чимаев орта салмақтағы белбеуді 2025 жылғы тамызда оңтүстікафрикалық Дрикус Дю Плессиді жеңгеннен кейін иеленген болатын.
Ол кездесу бес раундқа созылып, БАӘ атынан шыққан файтердің басымдығымен өтті. Әр раундтың басында Чимаев Дю Плессиді партерге сәтті түсіріп, басымдығын көрсетті.
Алайда соңғы раундта оңтүстікафрикалық файтер Хамзатты буындырып тастай жаздады. Соған қарамастан, төрешілер бірауыздан жеңісті Чимаевқа беріп, 50:44 есебін тіркеді.
Стриклендтің жекпе-жектері
Ал Шон Стриклендке келетін болсақ, ол кейінгі рет октагонға биыл ақпанда Хьюстондағы (Техас штаты, АҚШ) "Toyota Center" аренасында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде шықты. Оның қарсыласы мексикалық файтер Энтони Эрнандес болды.
Стрикленд жекпе-жек бойы үстемдік етіп, қарсыласын тік тұрып соққы астына алды.
Нәтижесінде Шон Стрикленд техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz