"Реал" 11 жасар қарағандылыққа шақырту жіберді

Қарағандылық 11 жасар футболшы Қазыбек Тұяқов испаниялық "Реал Мадридтен" сынақ ойындары үшін шақырту алды, деп хабарлайды КазТАГ. 

"11 жасар қарағандылық Қ.Тұяқов "Real Madrid" ФК-нан ресми түрде шақырту алды. "Реал" клубы өз қатарына тек талантты ойыншыларды ғана шақыртатыны белгілі",-делінген облыстық жастардың саяси мәселелер бойынша басқармасында. 

Айта кетейік, Тұяқов футболмен 6 жасынан бері айналысады. Ал қазір ол "Шахтер" ФК қатарында жаттығып жүр. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bnews.kz