Бай адамдардың біртүрлі әдеттері

Forbes журналының мәліметі бойынша, Илон Маск 2021 жылы әлемдегі ең бай адам атанды. Әйгілі инженердің байлығы (әрине, Tesla компаниясының акциясының өсуіне байланысты) 244,2 миллиард долларға бағаланды. Америкалық миллиардердің иелігінде өте сирек кездесетін Ford Model T (тарихтағы конвейер лентасында жаппай шығарылған алғашқы көліктердің бірі) бар. Сонымен бірге оның үйі жоқ, кәсіпкер құны 50 000 доллар тұратын шағын контейнерде тұрады.

Бір қызығы, бай адамдарды түсіну кейде өте қиын. Назарыңызға бай адамдардың біртүрлі әдеттерін ұсынамыз.

Алтын көйлек

Несие беру арқылы байыған үнділік миллионер Датта Фугенің алтынға деген ұлы махаббаты көпшілікке белгілі еді. 2013 жылы Фуге өзінің сүйікті металынан тапсырыс бойынша жейде тігіп, көпшілікті таң қалдырды. Салмағы 3,5 келі болатын алтын көйлек үндістандық байға 240 мың долларға түскен. Ол алтын көйлектен бөлек, сақина, төсбелгі, білезік және басқа да түрлі әшекей бұйымдарды таққанды жақсы көрген.

Фуге бала кезінен армандаған алтын оны бақытты ете алмады. 2016 жылы туған күнге шақырылған ол 12 адамнан таяқ жеп қайтыс болған.

Өз атын ғарыштан көрінетін етіп жаздырған миллиардер

Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті, кемпірқосақтың барлық түстеріндегі ең қымбат Mercedes автомобильдер топтамасының иесі ретінде танымал Хамад бен Хамдан Әл Нахайян өзінің есімін жеке Футаиси аралына жазуды ұйғарған. Оның есімі ғарыштан көрініп тұруы керек болған.

Осы мақсатта жұмысшылар терең каналдарды қазып, суға толтырған. Нәтижесінде ені 3 шақырымға созылатын бес әріп – ХАМАД жазуы бірнеше жыл бойы ғарыштан көрініп тұрды. Алайда көп ұзамай миллиардер өз шешімін өзгертіп, оның бұйрығымен жазу жойылды.

© zen.yandex

Екінші "Титаник"

"Аустралиялық Дональд Трамп" деген атпен танымал Клайв Палмер 2012 жылы әйгілі Титаник лайнерінің көшірмесін қайта жасауды шешті. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Суға жіберілгеннен кейін кеме Саутгемптоннан Нью-Йоркке дейін өзінің бұрынғы бағытымен жүзеді.

Миллиардер жоспарлағандай, экипаж бен кеменің дизайны ХХ ғасырдағыдай болады, жалғыз айырмашылығы – бұл заманауи техникалық жабдық. Сонымен қатар, инженерлер 100 жыл бұрын болған апат қайталанбауы үшін бәрін мұқият жоспарлайды. Клайв Палмер Титаниктің көшірмесін жасау үшін 500 миллион доллар жұмсауға дайын.

Белмонт – болашақтың қаласы

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс 2017 жылы өзінің Belmont Partners инвестициялық фирмасы арқылы Аризона штатының Феникс қаласына жақын жерді сатып алды. Мұнда ол "ақылды" қала салғысы келеді. Өз идеясын жүзеге асыру үшін ол жобаға 80 миллион доллар инвестициялады. Белмонтта барлық ғимараттар заманауи технологиямен салынады.

© REUTERS / Stringer

Алтын медициналық маска

Коронавирус өршіп тұрған 2020 жылы Үндістанның Махараштра штатының тұрғыны, миллионер Шанкар Кураде коронавирус пандемиясынан қорғану үшін өзіне алтыннан жасалған қорғаныс маскасына тапсырыс берген.

"Алтын маска жасау идеясы маған күміс бетперде киген адамды көргенде келді. Мен алтынды жақсы көретіндіктен және ауыр алтын шынжырлар мен сақиналар тағып жүргендіктен, неге алтын маска кимеймін деп ойладым", - деген Кураде бұл туралы.

Кейін ол жергілікті зергерге алтын маска жасап беруін өтінген. Оның салмағы шамамен 56,7 грамм болған. Бағасы – 3 870 доллар доллар.

Бірақ кәсіпкерді коронавирустан бұл да құтқармаған. 2020 жылы қыркүйек айының соңында ол коронавирус жұқтырып, қайтыс болды.

© instagram.com/liluzivert

Америкалық рэпер маңдайына асыл тас орнатқан

Америкалық рэп орындаушы,  Lil Uzi Vert деген атпен танымал Саймир Вудс 2021 жылы маңдайына 24 миллион доллар тұратын гауһар тас қойдырған.

Осы мақсатта хип-хоп орындаушысы 10 каратты алқызыл гауһар тас сатып алған. Ол 2017 жылы осы түстес нағыз гауһарды көрген соң ақша жинауды бастаған. Ал жақұттың құны оның барлық мүлкін яғни үйі мен автокөлігін қосқанда қымбат тұрады.

Имплантацияны рэперге танымал зергер Эллиот Эллианте жасаған.