Дрогба "Челсидің" ойыншыларына естелік ретінде жүзік сыйлады

Дрогба "Челсидің" ойыншыларына естелік ретінде жүзік сыйлады

Лондондық "Челси" командасының бұрынғы шабуылшысы Дидье Дрогба өткен кезеңдегі Чемпиондар Лигасындағы жеңістің құрметіне орай "ақсүйектерге" тосыннан жүзік сыйлады.

Ол үшін ивуарлық шабуылшы Лондондағы "Hotel Chelsea Harbou" мейрамханасына "ақсүйектердің" басын қосып, мамыр айындағы ірі жеңістің құрметіне үлкен ас өткізді. Айта кетсек, осы кешке ойыншылардың барлығы дерлік келді десе болады. Тек қана Хуан Мата, Фернандо Торрес пен Петр Чехтар ғана келе алмай қалды.

Дрогба есте қаларлық үлкен жеңіс үшін бұрынғы әріптестеріне жалпы құны 800 мың фунт стерлингтің көлемінде жүзік сыйлау арқылы жиналған қауымды бір қуантып тастады.

"Мен сол жеңістің арқасында өзімді асқақ сезінемін. Бәрімізге өткен күнге қайта оралып және жетістіктерді еске алатын мүмкіндік туса деп ойлаймын"- деді Дрогба.

"Ақсүйектерден" Джон Терри ортаға шығып, тиісінше бұрынғы әріптесіне алғыс айтты:

"Сен нағыз қаһармансың! "Челси" командасындағылардың бәрі сені жақсы көреді" -деді.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар Лигасының ақтық финалында "Челси" командасы "Бавария" командасын ойын соңындағы пенальтиден ұтып кеткен-ді. Және сол ойында командаластарын өрге сүйреген, шешуші он бер метрлік допты соққан Дрогба болатын.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига