Марадона: "Аргентинаны Тонга құрамасы да ұтып кетеді"

Марадона: "Аргентинаны Тонга құрамасы да ұтып кетеді"
Фото: a1on.mk

Әйгілі футболшы Диего Марадона өз елінің ұлттық құрамасын сынға алды. "Америка кубогы" жарысындағы алғашқы ойыннан кейін оның командадан көңілі қалғанға ұқсайды.

- Білесіздер ме, бізді Тонго құрамасы да ұтып кетуі мүмкін.

Біз құрған команданың рухы биік еді. Аргентина құрамасының жейдесін кию деген... Оны сөзбен жеткізу қиын. Оны анаңдай жақсы көруің керек, - дейді Марадона өз сұқбатында.

Айта кетейік, Аргентина құрамасы "В" тобындағы алғашқы ойында Колумбияға 2:0 есебімен есе жіберген болатын. Келесі ойынын 20 маусым күні Парагвайға қарсы өткізеді.

Тонга корольдігі – Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Халқының саны - 103 252 адам. FIFA рейтингінде бұл құрама 206-орында.

О. Сансызбай