"Ливерпуль" жарқын жеңісін қалай тойлады?

Қарымта ойында "Барселонаны" ойсырата ұтқан "Ливерпуль" жарқын жеңістерін жанкүйерлерімен бірге тойлады. Ойын соңынан алаңда сап түзеп, стадионға келген қолдаушыларымен қосыла ән шырқады.

Команданың бас жаттықтырушысы Юрген Клопп шәкірттерінің барлығын құттықтап, қолдарын алып шықты. Сенімді ақтаған ойыншыларын одан ары жігерлендіре түсті.

????????????

Inside the dressing room at full-time with our Reds... pic.twitter.com/n8BePcDHfY

— Liverpool FC (@LFC) 7 мая 2019 г.

Айта кетейік, финалға шыққан екінші команда бүгін түнде анықталады. Бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен "Аякс" өз алаңында "Тоттенхэммен" ойнайды.