Панама президенті футболшылары әлем чемпионатына шыққаны үшін елде демалыс жариялады

Панама президенті Хуан Карлос Варела ел құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алғаны үшін сәрсенбі күнін демалыс ретінде жариялады.

- Ертең елде ұлттық мереке болады. Біздің ел үшін бұл тарихи жетістік. Сәрсенбі барлық мемлекеттік қызметкерлер мен жұмысшылар үшін демалыс болады. Оқушылар да демалады. Себебі мұндай жетістікті отбасымен бірге тойлау керек, - деп жазды президент twitter парақшасында.

Айта кетейік, түнде өткен ойында Панама құрамасы өз алаңында Коста-Риканы 2:1 есебімен ұтып, 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына тікелей жолдама алған еді.