Боливиялық қақпашы өз алаңында тұрып гол соқты (видео)

"Боливар" футбол клубының қақпашысы Матиас Дитуро өз айып алаңында тұрып гол соқты. Ол ойын соңындағы қарсыластарының қақпаны ашық қалдырған сәтін сәтті пайдалана білді.

Ойын соңында 2:1 есебімен жеңіліп жатқан "Сан-Хосе" командасы тайлы-тұяғымен шабуылға ұмтылған. Таразы басын теңестіру үшін қақпашы Карлос Эмануэль Франко да алға шыққан. Осы сәтте Матиас Дитуро допқа бірінші жетіп, қолындағы допты қарсылас қақпасына тура тепкен. Нәтижесінде "Боливар" командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.