GGG Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алады?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алады.

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі.

Сондай-ақ бүгін боксшылар салмақ өлшей рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңда өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» мен «KazSport» арналары көрсететін болады.