«Барселона» 10-15 жылға «Камп Ноу» атын өзгертпек

«Барселона» 10-15 жылға «Камп Ноу» атын өзгертпек
Фото: eurosport.ru

Каталонияның танымал «Барселона» футбол клубы 10-15 жылға әйгілі стадионы «Камп Ноудың» атын өзгерте тұрмақ. Бұл туралы испан басылымы El Mundo Deportivo хабарлап отыр.

Испан басылымы таратқан ақпарат бойынша, каталондық клубтың басшылығы «Камп Ноу» атауын уақытша өзгертіп, 250 миллион еуро көлемінде табысқа кенелуді көздеп отыр екен. Ал ол табыс арқылы стадионды қайта күрделі жөндеуден өткізбек. Бұл туралы батыстық басылымдар осыған дейін де жазған болатын. Тек қаржының стадионның қайта жөндеу жұмысына игерілетіні айтылмаған-ды.

Айта кетейік, осыған дейін «Камп Ноу» атауы «Камп Ноу Qatar Airways» деп өзгеруі мүмкін деп те жазылған болатын.

О. Сансызбай