Эквадорда футболшы қыздар төреші мен қарсыластарын соққыға жықты (видео)

Эквадорда футболшы қыздар төреші мен қарсыластарын соққыға жықты (видео)
Фото: bnp.by

Эквадор әйелдер чемпионатында жанкүйерлер күтпеген оқиға орын алды. Жергілікті «Эсмеральдес» клубы мен «Котопакси» арасындағы ойынның соңы жаппай төбелеске ұласты.

Ойында екі доп басымдығымен алаң иелері алға озған болатын. Екінші таймда қонақтар 2:3 есебімен камбэк жасай білді. Нәтижесінде төреші шешімі мен қарсыластарының қуанышына  наразы болған «Эсмеральдес» футболшылары қызуқандылыққа бой алдырды. Нәтижесінде ойын соңы төреші ысқырығымен емес, төбелеспен аяқталды.

О. Сансызбай