«Барселона» ойыншылары финал алдында уәде байласты

Каталондық «Барселона» клубының ойыншылары Неймар, Жорди Альба және Иван Ракитич финал алдындағы өз уәделерімен бөлісті. Егер олар финалда «Ювентусты» жеңер болса айтқандарын орындайтынын мәлімдеді.

«Блаугрананың» үздік шабуылшыларының бірі Неймар: «егер біз Чемпиондар лигасын жеңер болсақ, онда достарымызбен қоса шашымызды сары түске бояйтын боламыз» - деді. Ал Жорди Альба мен Иван Ракитич шаштарын алдырып тастауға уәде берді.

Айта кетейік, 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 6 маусым күні түнде Берлинде өтеді. Дүбірлі доданың чемпиондық атағына каталондық «Барселона» мен туриндік «Ювентус» таласатын болады.