Ағылшын премьер-лигасының үздік футболшылары анықталды

Ағылшын премьер-лигасының үздік футболшылары анықталды

Футболдан Англияның кәсіби ойыншылар қауымдастығы (PFA) премьер-лиганың 2014/2015 жылғы маусымдағы ең үздік футболшыларын анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша лондондық «Челси» клубының жартылай қорғаушысы Эден Азар үздік болып танылды.

«Ақсүйектер» сапында өнер көрсететін бельгиялық ойыншы алаңда шабуыл шебіне көмектесетін шеткі жартылай қорғаушы рөлін атқарады. Осы маусымда 47 ойынға қатысып, 18 гол соққан. Англияның кәсіби ойыншылар қауымдастығының (PFA) ресми сайтында Эден Азар Харри Кейн, Алексис Санчес, Диего Коста, Давид Де Хеа мен Филиппе Коутиньодан көп дауыс жинаған.

Ағылшын премьер-лигасының 2014/2015 жылғы маусымдағы ең жас үздік футболшысы болып Харри Кейн танылды. «Тоттенхэм» сапында ойнап жүрген шабуылшы осы маусымда 47 ойында 30 гол соққан.

Ағылшын премьер-лигасының маусымдағы үздік ойыншыларынан құралған құрам:

Қақпашы: Давид де Хеа («Манчестер Юнайтед»).

Қорғаушылар: Бранислав Иванович, Джон Терри, Гари Кэхилл (барлығы - «Челси»), Райан Бертранд («Саутгемптон»).

Жартылай қорғаушылар: Неманья Матич («Челси»), Филиппе Коутиньо («Ливерпуль»), Алексис Санчес («Арсенал»), Эден Азар («Челси»).

Шабуылшылар: Диего Коста («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм»).

Айта кетейік, өткен маусымда ағылшын премьер-лигасының үздік ойыншысы болып Луис Суарес атанған еді. Ал Эден Азар екінші орыннан көрінген-ді.  

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай