Геннадий Головкин рингте биледі

Геннадий Головкин рингте биледі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WBA (Super), IBO және WBC Interim нұсқалары бойынша  орта салмақтағы әлем чемпионы титулын қорғауға дайындығын жалғастыруда.   Ол британиялық  Мартин Мюрреймен кездеседі.

Жаттығу барысында Головкин баспасөзбен де араласып тұрады. Бұл жолы журналист қыздың өтініші бойынша қазақстандық боксшы рингте биледі, деп жзады inform.kz. Бастапқыда спортшы ұялған, кейін бірнеше би қозғалысын көрсетіп, мексикалық стильді ұнататынын айтты. Чемпионның бұл әрекеті залдағы жаттықтырушылар, журналистер мен GGG-командасы мүшелерінің көңілін көтерді.  

Айта кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпанда  Монакодағы Salle des Etoiles аренасында өтеді. Кездесуді HBO арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Қазақстанда бұл жекпе-жек  22  ақпанға қараған түнде көрсетіледі. Шаршы алаңда пуэрториколық  Луис Пабон төреші болмақ.

сурет: vesti.kz

Е. Қайрахан