Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Ақпан айының 21-ші жұлдызында WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкинбритандық Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жегін өткізеді. Қазіргі таңда екі боксшы кездесу алдындағы дайындықтарын шыңдап жатыр.

Бір аптадан астам уақыт бұрын Мартин Мюррейдің Оңтүстік Африка Республикасында ерекше жаттығу түрімен айналысып жатқаны белгілі болған еді. Яғни, ол жаттығу қапшығына Генаның суретін іліп жаттығып жүргенін хабарлаған-ды. Ал бүгін британдық боксшы қазақстандық боксшының суретіне қарап жаттығудан шаршағанын мәлімдеді.

- Біз Головкиннің суретін жаттығу қапшығына іліп қойған болатынбыз. Бұл ойды бапкерім Оливер Харрисон ұсынған еді. Негізі, біз ылғи осылай жасаймыз. Бірақ, шынын айтсам, қапшықтағы Головкиннің суретін көруден жалықтым, - депті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек 21-ші ақпанда Монакода өтеді. Ал одан кейінгі кездесуін отандасымыз АҚШ-тың Калифорния штатында өткізуді жоспарлап отыр. 

Сурет: hattonboxing.com

Оқи отырыңыз

Геннадий Головкин қалай жаттығады?

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

Мартин Мюррей жаттығу грушасына Геннадий Головкиннің суретін іліп қойды

О. Сансызбай