«Ақжайық» футбол клубы танымбелгісіне байқау жариялады

«Ақжайық» футбол клубы танымбелгісіне байқау жариялады

Футболдан Оралдың «Ақжайық» футбол клубы басты танымбелгісін (эмблема) өзгерту мақсатында байқау жариялады. Клуб танымбелгісіне жарияланған байқау бір айға созылатын болады.

- Құрметті футбол жанкүйерлері мен «Ақжайық» командасының қолдаушылары! Сіздердің клуб тарихында есімдеріңізді қалдыруға зор мүмкіндіктеріңіз бар. «Ақжайық» командасының жаңа танымбелгісінің авторы атануға асығыңыздар. Команда жаңа маусымда жаңа танымбелгімен өнер көрсетуді мақсат тұтып отыр. Барлық спорттық киімдері мен естелік заттары да жаңа танымбелгіде жасалатын болады.

Танымбелгі бірегей, заманауи үлгіде, әдемі, және бастысы – облыс тынысына сәйкес келуі тиіс. Барлық жұмыстар қабылданып, талдаудан өтетін болады. Сонымен қатар, танымбелгідегі клуб атауына да баса мән беріледі, - деген клуб ресми сайтында.

Қатысушылар өз жұмыстарын jpg. форматында fkakzhayyk@mail.ru электронды мекен-жайына жолдай алады. Жұмыстар 2015 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданбақ. Үздік танымбелгі авторына клубтың жейдесі табысталады. 

Сурет:vk.com

О. Сансызбай