Қақпашы бес соққыны да бетімен қайтарды (Видео)

Америкалық "Yale Bulldogs" және "North Carolina Tar Heels" студенттер командасының арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын тағдыры пенальтиден шешілетін болды. Дәл осы кезде қызық жағдай болды. Скотт Стерлинг атты қақпашы бес бірдей соққыны бетімен тосып, "шеберлік" таныта білді. Қызық болғанда, пенальтиде кезек алған футболшылар ашық тұрған қақпаны емес, доп тіреуге қауқары қалмаған қақпашының жүзін нысанаға алғандай болды. Ал, қақпашы болса барлық соққыны "еркінен тыс" қайтаруға мәжбүр болды. Бұл сәтте қарсы команданың қақпашысы бір ғана допты өткізіп алып, төрт бірдей соққыны өз күшімен тойтара білген еді. Пенальти қорытындысында Скотт Стерлингтің командасы 1:0 есебен жеңіске жетті.

Бір қарағанда өте шынайы бұл көрініс Studio C командасының арнайы ұйымдастырған видеосы болып шықты. Расында да өмір қызыққа толы.

Сурет: blacksportsonline.com