Неміс жанкүйерлері ӘЧ матчтарын ерекше жағдайда тамашалауда

Неміс жанкүйерлері ӘЧ матчтарын ерекше жағдайда тамашалауда

Неміс жанкүйерлері футболдан Бразилияда өтіп жатқан дүбірлі тойды стадионда кең дивандарда отырып, отбасымен тамашалауда. Келушілеріне таза ауада тыныстап, жанға жайлы орында алып экраннан футбол тамашалауға мүмкіндік жасап отырған – берлиндік бір көңіл көтеру агенттігі.    

1

2

3

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерге арнап жалпы саны 850 диван әкеліп қойған. Олардың әрқайсысының жанына кішкене үстел мен шамды да орнатқан. Яғни асықпай тамақтанып я болмаса сусын ішіп отырып ойыннан ләззат алуға толық мүмкіндік жасалып отыр. Бір қуантарлығы, агенттік бұл жасаған қызметі үшін келушілерден бір тиын да алмайтын көрінеді. Бүгінге дейін жомарт агенттік ұсынған жанға жайлы жағдайды Берлиннің мыңдаған тұрғыны пайдаланып үлгерген екен.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: ©REUTERS

Б. Қосмағамбет