Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Қыздар арасында 60 килоға дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Римма Волосенко үшінші жекпе-жегін өткізеді. Осыған дейін Тринидад және Тобаго мен Мажарстан елінен келген қарсыластарынан басым болған еді. Кезекті қарсыласы – уругвайлық Паола Пинейро. Сағат 15:00 шамасында шаршы алаңға көтеріледі.
Түнгі сағат 00:30 шамасында Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегіне шығады. 51 килоға дейінгі салмақтағы отандасымыз кениялық Давид Каранжа Мачариямен жұдырықтасады. Сәкен бірінші кездесуінде Гонконгтан келген Там Хун Хинді жарыстан ерте қайтарған еді.
92 килоға дейінгі салмақта Айбек Оралбай үнді боксшысы Санжитпен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек те кешкі сессияда өтеді. Сағат 01:15-ке жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!