Римма Волосенко лицензиялық жарыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Римма Волосенко лицензиялық жарыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирдің екінші айналымынан сүрінбей өтті. Отандасымыз екінші жекпе-жегінде мажар қызы Петра Сабодан айласын асырды. 

Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті үшінші раундта қарсыласын нокдаунға да жіберіп үлгерді. Осылайша Римма Волосенко лицензиялық жарыстың  1/8  финалына жолдама алды.

Айта кетейік, 60 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Тринидад және Тобаго елінен келген Сах Гайды жеңіп шыққан еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай