UFC-де өнер көрсететін жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмахан (12-2) Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде жарқын жеңіске жеткеннен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жергілікті спортшы Брэд Катонаны (14-5) нокаутқа түсіру үшін небәрі 64 секунд қана жұмсады.
"Иә, бұл комбинацияны ұзақ уақыт дайындадым. Барлығы сәтті шықты және осы үшін жаратқанға шексіз ризамын! Жекпе-жекке мүмкіндігінше тезірек оралғым келеді. Мұнда жай келгем жоқ, чемпион болу үшін келдім! Құдай қаласа, UFC чемпионы боламын! Маған қолдау білдіріп жатқан қазақ елі, көп рақмет!" - деді Бекзат жекпе-жектен кейін Даниэль Кормьеге берген сұхбатында.
Айта кетейік, 27 жастағы Бекзат әлемнің үздік лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова