Азиада-2026: Айбек Оралбай финалда өзбекстандық боксшыны ойсырата жеңіп, алтын алды

Боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Айбек Оралбай 3:2 есебімен басым түсті. Екінші үшминуттықта төрешілердің барлығы жеңісті Айбек Оралбайға берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құрама капитаны Қазақстанға екінші алтын медальді сыйлады.

Суреттер: ҰОК

Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын алған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!