Боксшы Төрехан Сабырхан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда отандасымыз Иордания өкілі Зеяд Ишаишпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундында төрешілердің барлығы жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласынан басым түсті. Бұған қоса, иорданиялық спортшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Төрехан Сабырхан басымдығын сақтап, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл - Қазақстан құрамасының бокс додасындағы алғашқы алтын медалі, сондай-ақ, Қазақстан боксы үшін 12 жылдан кейінгі Азиада алтыны.
Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған болатын. Қазақстан құрамасы 2018 жылы Джакартада, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында бокстан алтын медаль иелене алмады.
Төрехан Сабырхан бокстан Азия ойындарындағы 12 жылдық үзілісті тоқтатып, Қазақстан құрамасына көптен күткен алтын жүлдені сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Төрехан Сабырхан 2026 жылы сәуірде Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалындағы жеңілісінің қарымтасын қайтарды. Сол кезде ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші кездесуінде Зеяд Ишаишпен кездесіп, қарсыласына есе жіберген еді. Нәтижесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова