Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің ең жеңіл салмағында өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев Дохада (Қатар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмабаев америкалық Алекс Переспен (25-9) кездесті. Үш раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық файтердің тұншықтыру әдісімен аяқталды. Перес тәсілден шыға алмай, берілуге мәжбүр болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 23-жеңісін тіркеді. Бұл жеңістің арқасында қазақстандық спортшы UFC-дегі рекордын 6-1 көрсеткішіне жақсартты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек