Асу Алмабаев UFC титулына үміткермен айқасуы мүмкін

Асу Алмабаев UFC титулына үміткермен айқасуы мүмкін
Фото: ©UFC

UFC-дегі өте жеңіл салмақтағы титулға үміткер аустралиялық файтер Кай Кара-Франс (25-12) келесі жекпе-жегінде Асу Алмабаев - Рамазан Темиров жұбының жеңімпазымен кездесуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 317 турнирінде Кай Кара-Франс бразилиялық чемпион Алешандре Пантожемен (30-5) октагонға шықты. Үшінші раундта Пантожа қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, белбеуін сәтті қорғап қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kai "Dontblink" Kara France (@kaikarafrance)

Cарапшылардың пікірінше, Кай Кара-Франс үшін ендігі ең қисынды жекпе-жек - 27 шілдеде Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін Асу Алмабаев (21-3) пен Рамазан Темиров (19-3) арасындағы кездесу жеңімпазымен айқас.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget