Аргентина құрамасы 2026 жылғы ӘЧ алдында Мессисіз қалды

Аргентина құрамасы 2026 жылғы ӘЧ алдында Мессисіз қалды
Фото: depositphotos.com

Америкалық "Интер Майами" клубының шабуылшысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Гондурасқа қарсы жолдастық матчқа қатыспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Дереккөз мәліметінше, 38 жастағы футболшы жеңіл жарақат алғандықтан, 7 маусымда өтетін ұлттық құраманың жолдастық кездесуіне қатыса алмайды.

Алайда бұл ұзақ уақыт ем қабылдауды қажет етпейтіні айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Аргентина футбол құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget