Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина Мессиге қатысты шешім қабылдады

Футболдан Әлем чемпионаты: Аргентина Мессиге қатысты шешім қабылдады
Фото: depositphotos.com

Аргентина футбол құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас бапкер Лионель Скалони басты халықаралық футбол додасында Аргентина намысын қорғайтын 26 ойыншының есімін атады.

Аргентина құрамасының ӘЧ-2026 турниріне қатысатын құрамы:

  • Қақпашылар: Хуан Муссо ("Атлетико", Испания), Херонимо Рульи ("Марсель", Франция), Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла", Англия);
  • Қорғаушылар: Леонардо Балерди ("Марсель", Франция), Николас Тальяфико ("Лион", Франция), Гонсало Монтиель ("Ривер Плейт", Аргентина), Лисандро Мартинес ("Манчестер Юнайтед", Англия), Кристиан Ромеро ("Тоттенхэм", Англия), Николас Отаменди ("Бенфика", Португалия), Факундо Медина ("Марсель", Франция), Науэль Молина ("Атлетико", Испания);
  • Жартылай қорғаушылар: Леандро Паредес ("Бока Хуниорс", Аргентина), Родриго Де Пауль ("Интер Майами", АҚШ), Валентин Барко ("Страсбур", Франция), Джовани Ло Чельсо ("Бетис", Испания), Эсекиэль Паласиос ("Байер", Германия), Алексис Макаллистер ("Ливерпуль", Англия), Энцо Фернандес ("Челси", Англия);
  • Шабуылшылар: Хулиан Альварес ("Атлетико", Испания), Лионель Месси ("Интер Майами", АҚШ), Николас Гонсалес ("Атлетико", Испания), Тьяго Альмада ("Атлетико", Испания), Джулиано Симеоне ("Атлетико", Испания), Нико Пас ("Комо", Италия), Хосе Мануэль Лопес ("Палмейрас", Бразилия), Лаутаро Мартинес ("Интер", Италия).
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Selección Argentina (@afaseleccion)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget