Португалиялық Элдер Батишта Ресейдегі футболдан өтетін Әлем чемпионатына велосипедпен барады

Португалиялық Элдер Батишта Ресейдегі футболдан өтетін Әлем чемпионатына велосипедпен барады
Фото: panorama.am

Португалиялық Элдер Батишта Ресейде өтетін футбол бойынша әлем чемпионатына велосипедпен баратынын, бұдан көздеген мақсаты онкологиялық аурулармен ауыратындарға қайрымдылық үшін қаржы жинау екендігін мәлім етті.

Саяхатшы Ресейге дейін Испания, Франция, Германия, Польша, Литва ва Латвия жерлерінен басып өтіп, барлығы 4700 шақырым жол жүруді жоспарлап отыр.

Элдер 20 маусымда Португалия мен Марокко ұлттық құрамалары кездесу өткізетін күні Мәскеуге барады.

«Бұл туристік саяхат емес. Мен ақша шығындауды қаламаймын. Науқастарға көмек беру мақсатымен оларға қаржы жинау үшін барлық қолымнан келгенін аянып қалмаймын», – дейді Элдер. Ол саяхат кезінде жиналған ақшаны қатерлі ісікпен ауыратындарға көмек беруші «Acreditar» қайрымдылық қорына тапсыруды ниет етіп отыр.

Т. Раушанұлы