Әліби Ыдырыс өзбек спортшысын жеңді

Әліби Ыдырыс өзбек спортшысын жеңді
Фото: ©Naiza

Қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс (10-0) TUF шоуының бесінші сериясында Фуркатбек Ёкубовпен (15-4) кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

UFC президенті Дана Уайт келіп тамашалаған жекпе-жекте отандасымыз төрешілер шешімімен айқын жеңіске жетті.

30 жастағы Фуркатбек Ёкубов - кикбоксингтен әлем чемпионы. Ал Әліби Ыдырыс UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Даниел Кормьенің қол астында жаттығады.

Айта кетейік, "Қан мен тер" лақапатымен танымал Әліби Ыдырыс (10-0) - Naiza ұйымының бұрынғы чемпионы. Ол - осы жобаға қол жеткізген алғашқы қазақстандық.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget