Алаңға оралған Дастан Сәтбаев жанкүйерлеріне үн қатты

Қазақстан құрамасының және "Бернли" клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатынан айығып, жанкүйерлеріне үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вингер қыркүйекте алған жарақатынан кейін алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады. Дастан Сәтбаев қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғыс айтып, командамен бірге алға жылжи беретінін мәлімдеді.

"Қолдауларынызға рақмет, қазақ елі! Алға, "алқызылдар", біз сапарымызды жалғастырамыз!" - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін "Бернли" сапындағы алғашқы матчін өткізді. 

Айта кетейік, футболшы Чемпионшип аясында "Мидлсброға" қарсы өткен ойында алған жарақатынан кейін ем қабылдаған болатын.

Сол кезде ол алаңда 80 минуттан аса уақыт өткізіп, кездесудің үздік ойыншыларының бірі ретінде танылғанымен, алаңнан мәжбүрлі түрде кеткен еді. Осыдан кейін Дастан Сәтбаев бірнеше апта бойы қатардан шығып қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!