Қазақстан құрамасының және "Бернли" командасының вингері Дастан Сәтбаев жарақатынан айығып, командамен бірге жаттығуға кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының жұлдызы жанған шабуылшысы әлеуметтік желіде алаңда "Бернли" формасын киіп түскен суреттерін жариялады. Ұзақ уақытқа созылған оңалту процесінен кейін Дастан Сәтбаев жаттығуға оралды және жақын арада матчқа қатысуы мүмкін.
instagram.com/d.satpayev
Айта кетейік, футболшы Чемпионшип аясында "Мидлсброға" қарсы өткен ойында алған жарақатынан кейін ем қабылдаған болатын.
Сол кезде ол алаңда 80 минуттан аса уақыт өткізіп, кездесудің үздік ойыншыларының бірі ретінде танылғанымен, алаңнан мәжбүрлі түрде кеткен еді. Осыдан кейін Дастан Сәтбаев бірнеше апта бойы қатардан шығып қалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова