Сенегал құрамасы футболдан әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
А тобының 3-турында Эквадор мен Сенегал кездесіп, жолдаманы сарапқа салды. Бірінші тайм соңында сенегалдықтар алға шықты. Исмаила Сарр пенальтиден көзге түсті.
Ал 68-минутта Мойзес Кайседо таразы басын теңестірген еді. Бірақ бұл есеп таблода екі минут қана сақталып тұрды. 70-минутта Калиду Кулибали гол соғып, Сенегалға жеңіс сыйлады.
Осы жеңістен кейін 6 ұпай жинаған Сенегал екінші орынға көтеріліп, 1/8 финалға шықты. Ал Эквадор құрамасы турнирді топтық кезеңнің үшінші орнымен аяқтады.
Бұған дейін А тобынан Нидерланд құрамасы плэй-офф кезеңіне шыққан болатын. Ал топта соңғы орынды турнир қожайыны Катар еншіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!