Катар құрамасы тарихта болмаған антирекорд жасады

Катар құрамасы тарихта болмаған антирекорд жасады
Фото: Reuters

Нидерланд құрамасы Катардағы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Катар құрамасы антирекорд жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3-турда нидерландтықтар турнир қожайыны Катармен кездесті. Катар футболшылары 2-турдан кейін плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылған.

Ойынның 26-минутында Коди Гакпо гол соқты. Ал Екінші таймның басында Френки Де Йонг көзге түсіп, Нидерланды 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін Нидерланд құрамасы 7 ұпай еншілеп, топта бірінші орын алды. Ал Катар құрамасы соңғы орын алды. Катар құрамасы ешқашан болмаған антирекорд орнатты. Команда турнир қожайыны бола тұра, үш ойында да жеңілген алғашқы құрама атанды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш