Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" командасындағы алғашқы ойынына қатысты. Негізгі құрамда алаңға шығып, гол да соқты. Алайда төреші отандасымыздың голын есепке алған жоқ.
"Пендикспорға" қарсы сырт алаңда өткен ойында Абат 67 минут ойнады. Бірінші тайм басында Абат гол да соқты. Алайда оған дейін қапталдағы төреші офсайд болғанын анықтап, есепті өзгертпеді.
67-минутта Абаттың орнына португалдық футболшы Луиш Нани кірді. Ол ойын аяқталар тұста бір гол соққанмен, командасын жеңілістен құтқарып қала алмады. "Пендикспор" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпай еншіледі.
"Адана Демирспор" 24-турдан кейін 31 ұпаймен 9-орында келеді.
Айта кетейік, Абат Айымбетов "Адана Демирспор" командасына жуырда ғана "1,5+1" келісімшартымен ауысып барған болатын.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!