UFC Бекзат Алмаханға қатысты шешім шығарды

UFC Бекзат Алмаханға қатысты шешім шығарды
Фото: instagram.com/ufc/

Монреальда өткен UFC 315 турнирінен кейін жеңіл салмақтағы рейтингтерге бірқатар өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек кешінің ең жарқын айқастарының бірі канадалық Айман Захаби (13-2) мен бразилиялық ардагер Жозе Алдо (32-10) арасындағы кездесу болды.

Захаби жекпе-жекте жеңіске жетіп, рейтингте бірден төрт сатыға көтерілді. Қазір ол жеңіл салмақта 11-орында тұр. Ал бұл орын бұған дейін Жозе Алдоға тиесілі болған еді, енді бразилиялық файтер рейтингтен мүлде шығып қалды.

Турнирде жеңіл салмақтағы тағы бір жекпе-жек қазақстандық Бекзат Алмахан (12-2) мен канадалық Брэд Катона (14-5) арасында өтті. Алмахан қарсыласын бар-жоғы 64 секундта нокаутқа түсірді.

Алайда UFC басшылығы Бекзаттың бұл әсерлі жеңісіне қарамастан, оны рейтингке қоспады. Бұл туралы белгілі инсайдер Джон Морган мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UFC (@ufc)

Айта кетейік, бұл - 27 жастағы қазақстандық файтердің UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Ол 2024 жылғы наурызда октагонда дебютін өткізген еді. Ол кезде Бекзаттың қарсыласы ресейлік файтер Умар Нурмагомедов (18-1) болды. Бекзат бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, төрешілер шешімімен есе жіберді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget