Miami Open: Рыбакина жартылай финалда дүниежүзінің 3-ракеткасымен ойнайды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami Open турнирінің жартылай финалында дүниежүзінің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Джессика Пегула турнирдің ширек финалында ресейлік теннисші Анастасия Потапованы (26-ракетка) 4:6, 6:3, 7:6  есебімен жеңді.

Енді Рыбакина мен Пегуланың жартылай финалдағы матчы ертең, 30 наурызда өтеді.

Америкалық теннисші бұл ойынға қатысты пікірін айтты.

"Онымен ойнауға бұған дейін де қарсы емес едім. Әрине, ол содан бері деңгейін көтергені анық, бұл, әсіресе, осы матчтан кейін қиын сынақ болайын деп тұр, өйткені менің физикалық тұрғыдан қандай күйде екенімді көріп тұрсыздар. Дер кезінде бабыма келемін деп үміттенемін. Менің тағы бір күнім бар", - деді Джессика Пегула.

Еске салайық, Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанды жеңгенін хабарлаған едік. Бұл - Елена Рыбакинаның осы маусымдағы қатарынан 12-жеңісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!