Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына өтті
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады. Матч 1 сағат 9 минутқа созылды. 

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенсті жеңген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан