Мбаппе "Реалға" ауысса қанша жалақы алады?

Мбаппе "Реалға" ауысса қанша жалақы алады?
Фото: ПСЖ

Мадридтің "Реал" футбол клубы Килиан Мбаппеге қомақты жалақы төлей алмауы мүмкін. Бұл жайында ESPN басылымы хабарлады. 

"Корольдік клуб" Мбаппеге қазіргі ойыншылары Вининсиус Жуниор мен Джуд Беллингемнен артық жалақы ұсына алмайтын көрінеді. Ал бұл футболшылардың маусымдық табысы 10,5 миллион еуроны құрайды.

Килиан Мбаппенің ПСЖ командасымен келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады. Шабуылшы басқа командаға ауысуға бел буып отыр. 

"Реал" Мбаппе еркін агент ретінде келетін болса, анасына да қомақты сыйақы беруді жоспарлап қойған. Футболшы осы маусымда ПСЖ сапында 26 ойынға қатысып, 28 гол соқты, 6 нәтижелі пас берді. Transfermarkt интернет порталының ақпараты бойынша, Мбаппенің трансферлік құны 180 миллион еуроны құрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай