"Кіші әлем чемпионатына" қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

"Кіші әлем чемпионатына" қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды
Фото: kfb.kz

Болгария елінің астанасы Софияда бокстан "Странджа" халықаралық турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын турнирге қазақ боксшылары да қатысады.

"Странджа" халықаралық турнирі әуесқой бокстағы беделді жарыстардың бірі. Тіпті оны "кіші әлем чемпионаты" деп те атайды. Биылғы жарыс 2-12 ақпан аралығында өтеді. 

Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.

51 кг: Санжар Тәшкенбай
54 кг: Дәулет Молдашев
57 кг: Оразбек Асылқұлов
60 кг: Руслан Күзеубаев
63,5 кг: Ерасыл Таңқай
67 кг: Дулат Бекбауов
71 кг: Талғат Шайкен
75 кг: Нұрқанат Райыс
80 кг: Тұрсынбай Құлахмет
86 кг: Абзал Құттыбеков

Былтыр елімізден 57 келідегі Оразбек Асылқұлов — күміс, 75 келідегі Нұрқанат Райыс — қола жүлде алған еді.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарыс ақпан айының соңында Италияда басталады. Оған былтыр Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз болған боксшылар аттанады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай