Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының ширек финалынан аса алмады. 16 жастағы отандасымыз жартылай финал үшін өткен ойында нидерландық Мис Роттгерингке жол берді. 

Әмірдің қарсыласы бұған дейін жасөспірімдер арасында "Үлкен дулыға" жарыстарына қатысып жүрген теннисші. Қазақстандық алғаш рет осындай ірі жарыста бақ сынады. 

Мис Роттгеринг бірінші сетте 6:2 есебімен, екінші сетте бірде-бір гейм бермей жеңіске жетті. 

Айта кетейік, 16 жастағы Әмір биылғы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді. Бірінші айналымда жарыстың басты фаворитінен басым болса, кейіннен екі бірдей қарсыласын жарыс жолынан шығарды. Сондай-ақ жұптасып өнер көрсетуде де биылғы турнирдің 1/8 финалына дейін жетті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай