Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші медаль түсті. Жасөспірім хоккейшілеріміз үшінші орын үшін өткен ойында Австрия елінен келген замандастарынан айласын асырды. 

Ойында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша топтық кезеңде кеткен есесін қайтарды. 

Олимпиаданың алтын жүлдесіне Латвия мен Дания елінен келген жасөспірім хоккейшілер таласады. 

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіру спортында Илья Мизерных чемпион атанса, шорт-трекші Полина Омельчук қола жүлдеге қол жеткізген еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!