Қазақстандық жас хоккейшілер қысқы Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Хоккейден 3х3 жүйесіндегі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Канвондағы қысқы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. 

Отандастарымыз бүгін Испанияны (14-4), сосын Ұлыбританияны (22-13) ойсырата ұтып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді 24 қаңтарда Қазақстан мен Латвия жартылай финалда күш сынасады.

Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте 13-сатыда келе жатыр. Көш басында тұрған Италияның 7 алтыны бар.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Olympics.com Youtube арнасынан көре аласыздар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз