"Қайрат" футбол клубы жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады

"Қайрат" футбол клубы жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: "Қайрат" ФК

Алматының "Қайрат" футбол клубы түнде болған жер сілкінісінен кейін ресми мәлімдеме жасады. Команда ойыншылары зардап шекпеген. 

Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 00:09 сағатта тіркелді, магнитудасы 6,7 баллды құрады. 

Клуб ойыншыларының бәрі жақсы, - деп хабарлады алматылық команданың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, жуық арада "Қайрат" Ресейдегі қысқы кубок ойындарына қатысады. Онда "Ростов", "Спартак" және БАӘ-нің "Әл-Ахли Шабаб" клубтары ойнайды. 

"7 балдық жер сілкінісі күтілмейді": Алматыда алдағы күндерге арналған болжам жасалды

Жануарлар жер сілкінісін алдын ала сезе ме?

Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің қауіптілігін бағалады

О. Сансызбай