Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің қауіптілігін бағалады

Сейсмологтар Алматыда болған жер сілкінісінің қауіптілігін бағалады
Фото: видеодан алынған кадр

Сейсмология институтының директоры Алматыда түнде болған жер сілкінісінің қауіптілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Брифинг барысында Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев көршілес елдерде орын алған жер сілкінісінің қауіптілігіне баға берді.

"Аумағы орасан зор. Жер сілкінісінің ошағы жер бетіне әлдеқайда жақын орналасты, шекара аумағының бойында кең тарады. Географиялық жағынан 265 шақырымға жақындығын ескере отырып, бұл сейсмикалық оқиғаны Алматы қаласының тұрғындары сезінді. Мұндай жер сілкінісі қала инфрақұрылымына ешқандай қауіп төндірмейді", - деп атап өтті Дәулет Сәрсенбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы