Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әмір Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шықты.

Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине — нидерландылық Тейс Богардты қапы қалдырды — 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді.

Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм — Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан