Соққан голын ерекше тойлаған футболшылар рейтингі жарияланды

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы соққан голын ерекше тойлайтын футболшылардың рейтингін түзді. Алғашқы ондыққа Роналду мен Мессидің тойлау стильдері де енген. 

Рейтинг көшін бразилиялық Бебето бастап тұр. Ол 1994 жылғы әлем чемпионатында командаластарымен бірге баланы жұбатқан қимылы жанкүйерлер есінен шыға қоймаған. Футболшылар әлі күнге дейін алаңда отбасындағы қуанышын осылай тойлап келеді. 

1. Бебето (Бразилия) – баланы жұбату;

2. Марко Тарделли (Италия) – 1982 жылғы әлем чемпионаты финалындағы голынан кейін қуануы;

3. Пол Гаскойн (Англия) – 1996 жылғы Еуропа чемпионатында Шотландия қақпасына гол соққаннан кейін Алан Ширер, Стив Макманаман мен Джейми Реднапп футболшының аузына бөтелкемен су құяды;

4. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед") – бокс стилінде жұдырық сілтеп, жерге шалқасынан құлай кеткен сәті жанкүйерлер есінде;

5. Роже Милла (Камерун) – 1990 жылғы әлем чемпионатында бұрыштама жалауына барып билеген сәті футбол көркін қыздырды;

6. Юрген Клинсманн ("Тоттенхэм") – алғашқы голынан кейін суға сүңгігендей сыңай танытып, сын айтушыларға жауап қатты; 

7. Криштиану Роналду ("Реал Мадрид") – мадридтік клубта жүргенде Siuuu деп айқайлап тойлайтын сәті көп болды;

8. Андрес Иньеста (Испания) – 2010 жылғы әлем чемпионаты финалында соққан голынан кейін жейдесін шешіп, қаза болған Даниэль Харкеге естелік жазуын көрсетті; 

9. Питер Крауч (Англия) – 2006 жылғы әлем чемпионаты алдындағы Ямайкаға қарсы ойында гол соғып, ерекше биімен жанкүйерлер есінде қалды; 

10. Лионель Месси ("Барселона") – "Реал" қақпасына мансабындағы 500-голын соққаннан кейін алаң жиегіндегі жарнама бағанына шығып жейдесін шешіп көрсетуі нағыз жаңалық болды;

    Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

    О. Сансызбай