Қазақстандық жас шорт-трекші қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жас шорт-трекші қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді.

Полина 1000 метр қашықтықты 1:41.600 уақыт көрсеткішімен бағындырды. Алтынды қытайлық Цзиньцзы Ли жеңіп алса, оның отандасы Цзиньжу Ян күміске қол жеткізді. 

Айта кетейік, Қазақстан қоржынындағы медаль саны екеуге жетті. Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных тарихи алтын медаль иеленген болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай