Қазақстандық спортшы Тайландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Тайландтағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото: kazsports.kz

Тайландтың Канчанабури өңірінде маунтинбайктан Thailand Cup турнирі аяқталды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл бәсекеге Ұлттық құрама спортшылары да қатысып, 1 жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында Алина Саркулова мәреге 3-ші болып келіп, қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Татьяна Генеоева 6-сатыдан көрінді.

Өзге спортшылардың нәтижесі:

Ерлер:

Егор Карасев 18-орын

Under ерлер (23 жасқа толмаған велоспортшы):

Алтынбек Аханов 8-орын
Алексей Фефелов 9-орын

Әйелдер:

Алина Спирина 4-орын

Айта кетейік, 2 күнге созылған халықаралық турнирде биыл 7 мемлекеттен атлеттер сынға түсті. Былтыр Тайландтың Пхичит өңірінде өткен Кубокқа Ұлттық құрама спортшылары қатыспаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай