"Барыстың" жас хоккейшісі әр ойынға жайнамазымен келеді

"Барыстың" жас хоккейшісі әр ойынға жайнамазымен келеді
Фото: @barys_official

"Барыс" хоккей клубының 19 жастағы ойыншысы Руслан Оспанов команданың әр ойынына келгенде қолынан жайнамазын тастамайды. Бұл туралы "Головой Об Лёд/Хоккей Казахстана" телеграм арнасы жазды.

Телеграм арнаның жазбасында жас хоккейшінің дін ұстанып,  тура жолда жүруі құрмет көрсетуге лайық дейді.

Нағыз мұсылман адам өзге де әлемдік дін өкілдері секілді бейбітшілік пен жақсылықтың жаршысы бола білуі керек. Тәкәппарлық пен менмендікті ысырып тастау үшін жас спортшыға тым болмағанда діни атрибутты өзімен бірге алып жүру жеткілікті сияқты, - деп жазылған аталған хабарламада.

Руслан Оспанов 2023 жылдың қазан айында "Барыспен" келісімге келіп, 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшарт түзді. Биылғы маусымдағы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) 1 (1+0) ұпай еншіледі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай