"Ондай ойыншы көрген жоқпын". "Реал" жаттықтырушысы ең мықты футболшы есімін атады

"Ондай ойыншы көрген жоқпын". "Реал" жаттықтырушысы ең мықты футболшы есімін атады
Фото: ©instagram.com/mrancelotti

"Реал" командасының бас бапкері Карло Анчелотти өзі жаттықтырған футболшылар арасында Зинедин Зиданды ең мықтысы деп атады. Француз футболшысы командаластарына ғана емес, бас жаттықтырушының өзіне ақыл-кеңес бере білген. 

Жаттықтыру кезімде мен көрген үздік футболшы, ол – Зидан. Ол шын мәнінде қолдан келе бермейтін жаттығуларды жасайтын. Сондай-ақ маған көмекші ретінде де көп пайдасын тигізді. Испанияға келгенімде көп көмектесті. Ол француз футболшыларымен қалай тіл табысудың жолын көрсетті. Испан мәдениеті мен тіліне бейімделуіме септігін тигізді, - дейді Анчелотти ITASportPress-ке берген сұхбатында. 

Зинедин Зидан 2001-2006 жылдар аралығында "Реалда" ойнады. 2006 жылғы әлем чемпионатынан кейін мансабын аяқтады. "Реалға" дейін "Ювентус", "Бордо, "Кан" командаларында ойнаған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай